ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан мен Қырғызстан шекара маңындағы агроөнімдер саудасын жандандырмақ

Кездесу барысында тараптар Үкіметаралық кеңестің 12-ші отырысында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын, 2024–2025 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізуді ұлғайту жөніндегі Жол картасының іске асырылуын және аграрлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Вице-министр Бағлан Бекбауов агроөнеркәсіптік өнімдер бойынша екі ел арасындағы тауар айналымының тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті.
— 2024 жылы бұл көрсеткіш 350,9 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 8,4%-ға артқан. Ал 2025 жылдың бірінші тоқсанында тауар айналымы 43,5%-ға өсіп, 99,9 млн АҚШ долларына жетті. Оның ішінде Қазақстаннан экспорт көлемі 80,1 млн долларды құрап, 44,3%-ға, ал импорт көлемі 19,8 млн долларды құрап, 39%-ға өскен, — делінген хабарламада.