Бізге жазылыңыз:

Қарызды бір күн кешіктірген азаматтарға кредит берілмейді

Қарызды бір күн кешіктірген азаматтарға кредит берілмейді

Құжатта кейінгі 12 айда 90 күн төленбеген қарызы бар азаматтардың борыш жүктемесі коэффициенті (БЖК) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендету көзделген. Мұндай шара тұрғындардың берешегі шамадан тыс көбейіп кетпес үшін жасалып отыр.

Агенттік кепілсіз кредит қандай жағдайда берілмейтінін түсіндірді:

  • банкке қарыз 30 күннен асса, микрокредиттер бойынша 1 күнненаса төлем мерзімі өткен кезде;
  • 2025 жылғы 1 шілдеден бастап кейінгі 36 айда негізгі борыш және сыйақы бойынша толық кешірілген берешек болған кезде;
  • кейінгі 12 айда қарыз алушының өз міндеттемелерін тиісінше орындауына ықпал етпеген қайта құрылымдау жүргізілсе.

Мұндай өзгеріс келесі аптада, яғни 2025 жылғы 24 қарашадан бастап күшіне енеді.

Ұқсас материалдар