Halyk Bank 2026 жылдың алғашқы алты айындағы қаржылық нәтижелерін жариялады. Банктің таза пайдасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға төмендеп, 447,6 млрд теңгені құрады.
Банк пайда көлемінің төмендеуін резервтерге қойылатын ең төменгі талаптардың артуымен, бөлшек кредит беруді реттеудің қатаюымен және кредиттер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме өзгермеген жағдайда клиенттер алдындағы міндеттемелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеменің өсуімен байланыстырады.
Сонымен қатар, банк активтері жыл басынан бері 5,4%-ға өсіп, 22,04 трлн теңгеге жетті. Міндеттемелер 5,7%-ға артып, 18,39 трлн теңгені, ал меншікті капитал 4,1%-ға өсіп, 3,64 трлн теңгені құрады.
Есепті кезеңде таза пайыздық кіріс жылдық мәнде 12,2%-ға өсті. Бұл негізінен клиенттерге берілген кредиттер бойынша орташа қалдықтардың ұлғаюына байланысты болды.
Сонымен бірге таза пайыздық маржа 7,3%-дан 6,8%-ға дейін төмендеді.
Halyk Bank-тің ең ірі акционері — Тимур және Динара Құлибаевтарға тиесілі «АЛМЭКС» компаниясы.





