ЖАҢАЛЫҚТАР
Артық шығындарды азайту үшін мемлекеттік сатып алу ережелері өзгертілді
Атап айтқанда, жеткізушілер жобалау-сметалық құжаттаманы өзгерту арқылы қосымша қаржы сұрау мүмкіндігіне ие болған. Осыған байланысты Үкіметке мемлекеттік сатып алу заңнамасына өзгерістер енгізу ұсынылды.
Сондай-ақ жеткізушілерді таңдау кезінде қолданылатын баға жеңілдігін есептеу тәртібін нақтылау қажет болды. Осы ұсыныстар негізінде Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу қағидаларына тиісті түзетулер енгізді.
— Жаңа нормаға сәйкес, егер келісімшартқа енгізілген өзгерістер жобалық-сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты болып, келісімшарт сомасын ұлғайтса, онда бұл ұлғайту конкурс кезінде есептелген ең төменгі демпинг шегін ескере отырып жүргізіледі, — делінген хабарламада.
Бұл өзгеріс:
мемлекеттік келісімшарт сомаларын өсіру кезінде баға шарттарын әділ есептеуге көмектеседі;
бюджет шығындарын оңтайландыруға ықпал етеді.





