ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей теміржол қатынасы қалпына келтіріледі
Пойыз кестеге сәйкес, Алматыдан 26 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 20:00–де № 7/8 Алматы-Саратов бағыты бойынша жолға шығады. Мәскеуден 30 қазан күні Мәскеу уақытымен 19:27–де № 85/86 Мәскеу-Дербент пойызымен аттанады. Жол жүру уақыты шамамен үш жарым күн болады.
Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей қатынас 2017 жылы тоқтатылған болатын.





