Бізге жазылыңыз:

Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей теміржол қатынасы қалпына келтіріледі

Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей теміржол қатынасы қалпына келтіріледі
— «Қазақстан темір жолы» компаниясымен келісе отырып, біз Мәскеу мен Алматы арасында тікелей пойыз қатынасын қалпына келтіріп жатырмыз. Пойыздар екі күн сайын қатынайтын болады, — делінген хабарламада.
Пойыз кестеге сәйкес, Алматыдан 26 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 20:00–де № 7/8 Алматы-Саратов бағыты бойынша жолға шығады. Мәскеуден 30 қазан күні Мәскеу уақытымен 19:27–де № 85/86 Мәскеу-Дербент пойызымен аттанады. Жол жүру уақыты шамамен үш жарым күн болады.

Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей қатынас 2017 жылы тоқтатылған болатын.

Ұқсас материалдар