Бізге жазылыңыз:

Алматы мен Лангкави арасында тікелей рейс ашылады

Алматы мен Лангкави арасында тікелей рейс ашылады

Қазақстанның халықаралық әуе қатынасы кеңейе түседі. 2026 жылғы 25 желтоқсаннан бастап Air Astana Алматы – Лангкави бағыты бойынша тікелей маусымдық рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.

Рейстер аптасына үш рет Airbus A321neo ұшақтарымен орындалады.

Жаңа бағыттың ашылуы қазақстандық жолаушылар үшін Малайзияның танымал туристік бағыттарының біріне тікелей жетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар әуе қатынасының кеңеюі Қазақстан мен Малайзия арасындағы туристік байланыстарды дамытуға ықпал етеді.

Алматыдан Лангкавиға тікелей рейстердің іске қосылуы елдің халықаралық маршруттар желісін кеңейту және шетелдік туристік бағыттарға қолжетімділікті арттыру жөніндегі жұмыстың бір бөлігі болмақ.

Ұқсас материалдар