
Министр орынбасарының мәлімдеуінше, Қазақстан халықаралық бизнеске тағы бір қадам жасады.
— Жуырда еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және ұзақмерзімді іскерлік әріптестікті қолдауға бағытталған инвесторлық визаны алу қағидалары бекітілді. Жаңа талаптарға сәйкес, қазақстандық компаниялардың жарғылық капиталына немесе жергілікті бағалы қағаздарға кемінде 300 мың АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған шетел азаматтары инвесторлық виза алу үшін электронды өтініш бере алады. Бұл «алтын виза» кейін Қазақстан Республикасында 10 жылға дейін тұруға ықтиярхат алуға мүмкіндік береді, — деп толықтырды спикер.
Бұған дейін хабарлағанымыздай Қазақстан мен Қытай 25 млрд долларға 60 келісімге қол қойды.