САУАЛНАМА
Шілде мен қазанда әрбір үшінші қазақстандықтың материалдық жағдайы нашарлаған
Қазақстан Ұлттық банкінің инфляциялық күтулерге қатысты сауалнамасының нәтижесі бойынша, ел тұрғындарының 31,3%-ының материалдық жағдайы нашарлаған. Респонденттердің тағы 48,9%-ы қаржылық жағдайында өзгеріс болмағанын айтса, сауалнамаға қатысқандардың 14,8%-ы материалдық жағдайының жақсарғанын жеткізген.
Шілде айымен салыстырғанда қаржылық жағдайының нашарлағанын айтқан қазақстандықтардың үлесі 27%-дан 31,3%-ға дейін өскен. Ал материалдық жағдайы жақсарғанын мәлімдегендердің үлесі өзгеріссіз қалып, 14,8%-ды құрады.
Сонымен қатар материалдық жағдайында өзгеріс болмағанын айтқандардың үлесі шілдедегі 52,3%-дан қазанда 48,9%-ға дейін төмендеген.


