Бізге жазылыңыз:

«Самұрық-Қазына» 6 млрд юаньға облигациялар орналастыруды жоспарлап отыр

«Самұрық-Қазына» 6 млрд юаньға облигациялар орналастыруды жоспарлап отыр

Астана халықаралық биржасы (AIX) «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Dim Sum облигациялары бойынша өтінімдер жинау (букбилдинг) басталғанын хабарлады. Орналастырудың жалпы ең жоғары көлемі 6 млрд юаньға жетуі мүмкін.

Шығарылым айналым мерзімі мен индикативті купондық мөлшерлемелері әртүрлі екі транштан тұрады.

Бірінші транш — үш жылдық облигациялар:

  • Шығарылым көлемі — 2 млрд юаньға дейін;

  • Өтеу күні — 2029 жылғы 22 қазан;

  • Болжамды купондық мөлшерлеме — жылдық 2,7% шамасында.

Екінші транш — бес жылдық облигациялар:

  • Шығарылым көлемі — 4 млрд юаньға дейін;

  • Өтеу күні — 2031 жылғы 22 қазан;

  • Болжамды купондық мөлшерлеме — жылдық 2,85% шамасында.

Облигацияларды орналастыру барысында өтінімдерді қалыптастырудың екі тетігі қолданылады: классикалық (classic) және кесімді баға бойынша (at-strike).

Мәміленің халықаралық ұйымдастырушылары ретінде Citigroup Global Markets Limited, Guotai Junan Securities Limited және Standard Chartered Bank қатысады. Ал жергілікті жетекші менеджер қызметін Teniz Capital Investment Banking атқарады.

Мәміле бойынша есеп айырысу 2026 жылғы 23 қазанға жоспарланған. Облигацияларды орналастырудың түпкілікті көлемі мен купондық мөлшерлемелері өтінімдерді жинау аяқталғаннан кейін айқындалады.

Dim Sum облигациялары — қытай юанімен номинацияланып, материктік Қытайдан тыс жерде орналастырылатын борыштық бағалы қағаздар. Бұл қаржы құралы эмитенттерге халықаралық капитал нарығында қытай валютасымен қаржы тартуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Astana International Exchange (AIX).

Ұқсас материалдар