Бізге жазылыңыз:

Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті

Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк тасымалының көлемі 13,1%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді.

Көлік саласында басқа бағыттар бойынша да өсім байқалады. Есепті кезеңде теміржол көлігімен 241,7 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артық. Автомобиль көлігімен тасымалданған жүк көлемі 270,4 млн тоннаға жетіп, 5,6%-ға өсті.

Отандық әуе компаниялары тоғыз айда 12,4 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткіштен 4,2%-ға жоғары.

Көлік инфрақұрылымы жаңартылуда

Жыл басынан бері 101 теміржол вокзалы жаңғыртылып, 20 жаңа халықаралық әуе бағыты ашылды. Сондай-ақ Балқаш, Арқалық, Павлодар және Ақтау қалаларындағы әуежайлар жаңартылды.

Автомобиль жолдары саласында Ақтөбе – Қызылорда, Бейнеу – Сексеуіл, Сарыағаш айналма жолы, Орталық – Батыс және Қарағанды – Жезқазған бағыттары бойынша жаңа жобалар басталды.

«Жол-құрылыс материалдарының электрондық базасы қалыптастырылып, олардың сапасын бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін „Е-Жолы“ ақпараттық жүйесі құрылды», — деп атап өтті вице-министр.

Жолдардың сапасына басымдық беріледі

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында автомобиль жолдарының сапасын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Осыған байланысты Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа барлық мәселені егжей-тегжейлі зерделеп, нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Үкіметі.

Ұқсас материалдар