Бізге жазылыңыз:

МКК шетелдік интернет-сатып алуларды декларациялау тәртібін түсіндірді

МКК шетелдік интернет-сатып алуларды декларациялау тәртібін түсіндірді

Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) шетелдік интернет-платформалардан сатып алынған тауарларды декларациялау тәртібін тағы бір мәрте түсіндіріп, бажсыз әкелу лимитін қолдану қағидаларын еске салды.

Wildberries, Ozon және Kaspi маркетплейстері арқылы сатып алынған тауарлар шетелдік тауар болып саналмайды. Себебі олар кедендік рәсімдеуден өтіп, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында сатылымға шығарылған. Сондықтан мұндай сатып алулар бойынша азаматтарға кедендік декларация тапсырудың қажеті жоқ.

Ал Temu, AliExpress және iHerb сияқты шетелдік платформалардан тапсырыс берген жағдайда сатып алушы электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны өзі рәсімдей алады немесе бұл қызметті жеткізу операторы не логистикалық компания арқылы орындауына болады.

МКК сондай-ақ 200 еуро көлеміндегі бажсыз әкелу лимиті барлық сатып алулардың жалпы сомасына емес, әрбір жеке сәлемдемеге қолданылатынын ерекше атап өтті.

Декларацияны рәсімдеу құны тасымалдаушы компанияның шарттарына байланысты. Комитеттің мәліметінше, егер сәлемдеменің құны белгіленген бажсыз әкелу лимитінен аспаса, көптеген логистикалық компаниялар декларацияны рәсімдеу үшін қосымша ақы алмайды.

МКК шетелдік интернет-дүкендерден тапсырыс берер алдында жеткізу және кедендік рәсімдеу шарттарын алдын ала нақтылап алуға кеңес береді. Бұл қосымша шығындар мен тауарды алу кезіндегі кідірістердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар