Бізге жазылыңыз:

Маркетплейстерде сатуға тыйым салынған тауарлардың тізімін жариялады

Маркетплейстерде сатуға тыйым салынған тауарлардың тізімін жариялады

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі маркетплейстер мен интернет-дүкендер арқылы сатуға тыйым салынған немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес шектеу қойылған тауарлардың  бірыңғай тізімін жариялады. Құжат ақпараттық сипатқа ие және қолданыстағы заңнамалық талаптарды бір жерге топтастырады.

Тізімге қару-жарақ пен оқ-дәрілер, азаматтық айналымға тыйым салынған қарудың жекелеген түрлері, вейптер, оларға арналған сұйықтықтар мен хош иістендіргіштер толық тыйым салынған өнім ретінде енгізілген. Сондай-ақ темекі және алкоголь өнімдерін онлайн сату үшін заңнамада белгіленген қатаң шектеулер сақталады.

Бұдан бөлек, мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, ветеринариялық сараптамадан өтпеген ет, сүт және өзге де жануар тектес өнімдерді, сексеуіл ағашынан жасалған өнімдерді (сексеуілді кесуге тыйым салынған кезеңде), сондай-ақ заңнамада рұқсат етілмеген балық аулау құралдарының жекелеген түрлерін интернет арқылы сатуға тыйым салынады немесе шектеулер қолданылады.

Министрліктің мәліметінше, бірыңғай тізім маркетплейстерге тауарларды жылдам тексеруге, ал кәсіпкерлерге интернет арқылы қандай өнімдерді сатуға болмайтынын алдын ала білуге мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар