Ірі қара мал етін әкетуге арналған квотаның жалпы көлемі 20 000 тоннаны құрайды.
Бір тұлғаға белгіленетін квота мөлшері бордақылау алаңының қуатына байланысты мынадай көлемде айқындалады:
бордақылау алаңының қуаты 5 000 (бес мың) бастан бастап — 1 000 (бір мың) тонна;
бордақылау алаңының қуаты 10 000 (он мың) бастан бастап — 2 000 (екі мың) тонна;
бордақылау алаңының қуаты 15 000 (он бес мың) бастан бастап — 3 000 (үш мың) тонна;
бордақылау алаңының қуаты 20 000 (жиырма мың) бастан бастап — 4 000 (төрт мың) тонна;
бордақылау алаңының қуаты 50 000 (елу мың) бастан бастап — 10 000 (он мың) тонна.
Квота мал басын пайдалану арқылы ет өндіретін ет өңдеу кәсіпорнының ірі қара мал етіне бөлінеді.





