Бізге жазылыңыз:

Ірі қара мал етін экспорттауға квоталар енгізіледі

Ірі қара мал етін экспорттауға квоталар енгізіледі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бапасөз қызметінің хабарлауынша, аталған норма 2026 жылғы 30 маусымға дейін қолданыста болады.

Ірі қара мал етін әкетуге арналған квотаның жалпы көлемі 20 000 тоннаны құрайды.

Бір тұлғаға белгіленетін квота мөлшері бордақылау алаңының қуатына байланысты мынадай көлемде айқындалады:

бордақылау алаңының қуаты 5 000 (бес мың) бастан бастап — 1 000 (бір мың) тонна;

бордақылау алаңының қуаты 10 000 (он мың) бастан бастап — 2 000 (екі мың) тонна;

бордақылау алаңының қуаты 15 000 (он бес мың) бастан бастап — 3 000 (үш мың) тонна;

бордақылау алаңының қуаты 20 000 (жиырма мың) бастан бастап — 4 000 (төрт мың) тонна;

бордақылау алаңының қуаты 50 000 (елу мың) бастан бастап — 10 000 (он мың) тонна.

Квота мал басын пайдалану арқылы ет өндіретін ет өңдеу кәсіпорнының ірі қара мал етіне бөлінеді.

Ұқсас материалдар