
Кірістер комитеті өкілінің айтуынша, негізінен борышкерлердің меншігіндегі өндірістік ғимараттар, жер учаскелері мен көліктер сатылып жатыр.
- Азаматтарды аукциондарға белсенді қатысуға шақырамыз. Кез келген адам аукционнан өндірістік нысанды, арнайы техниканы, көлік немесе өндірістік мақсаттағы жер учаскелерін сатып ала алады. Мүлік аукционға шығарылған кезде оның нарықтық құны есепке алынады, алайда бастапқы баға 35%-ға төмен белгіленеді. Мысалы, мүлік 100 теңгеге бағаланса, ол сатылымға 65 теңгеден бастап шығарылады, - деп түсіндірді Қайсар Арын ведомствода онлайн өткен іс-шарада.
Сондай-ақ спикер борышкерлердің мүлкін өткізу тәртібін де түсіндірді. Аталған процесс бірнеше кезеңнен тұрады, яғни мүлікті түгендеу актісін жасау, оны ашық аукционға шығару, аукцион өткізу, сондай-ақ түскен қаражатты борышкердің жеке шотына қарызды өтеу үшін аудару.