Бізге жазылыңыз:

4,5 млн теңге: жұмыс күші тапшы өңірлерге көшкендерге сертификат беріледі

4,5 млн теңге: жұмыс күші тапшы өңірлерге көшкендерге сертификат беріледі
— Ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу шеңберінде жаңа қолдау шаралары енгізілді. Қоныс аударушыларға тұрғын үй сатып алу үшін экономикалық мобильділік сертификаты беріледі. Бұл шамамен 4,5 млн теңге. Соңғы үш жылда 6 мың отбасы еңбек күші тапшылығы бар өңірлерге қоныс аударды. Олардың жартысынан көбі сертификат алды. Қабылдаушы өңірлерде жеке мобильді сүйемелдеу жүйесі жұмыс істейді, — деді Светлана Жақыпова.
Министрдің мәлімдеуінше, биыл 6 мыңнан астам адам аталған қызметті алған.

— Қоныс аударушылар үшін ауыл шаруашылығы мақсатында берілетін жер учаскелерін конкурстан тыс тәртіппен алу құқығы, сондай-ақ материалдық көмекті есепке алу үшін ашық шоттардан өндіріп алу үшін тыйым салуды көздейтін түзетулер қабылданды. Көшу кезінде материалдық көмекке жүгінудің электронды форматы енгізілді. Жаңа механизм іске асырылған сәттен бастап, «қандас» мәртебесін 13 мың этникалық қазақ алды. Бұдан басқа біз шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын төмендету саясатын дәйекті түрде жүргізіп келеміз. Соңғы 5 жылда тартылған шетелдік жұмысшылар саны 25 мыңнан 17 мыңға дейін төмендеді. Әлеуметтік әділеттілік қағидатын белгілеу, оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан барлық жұмыс мемлекет пен қолдауға мұқтаж азаматтар мүддесі теңгерімін қамтамасыз етуге және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға бағытталған, — дейді ведомство басшысы.

Ұқсас материалдар