ЖАҢАЛЫҚТАР
4,5 млн теңге: жұмыс күші тапшы өңірлерге көшкендерге сертификат беріледі

Министрдің мәлімдеуінше, биыл 6 мыңнан астам адам аталған қызметті алған.
— Қоныс аударушылар үшін ауыл шаруашылығы мақсатында берілетін жер учаскелерін конкурстан тыс тәртіппен алу құқығы, сондай-ақ материалдық көмекті есепке алу үшін ашық шоттардан өндіріп алу үшін тыйым салуды көздейтін түзетулер қабылданды. Көшу кезінде материалдық көмекке жүгінудің электронды форматы енгізілді. Жаңа механизм іске асырылған сәттен бастап, «қандас» мәртебесін 13 мың этникалық қазақ алды. Бұдан басқа біз шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын төмендету саясатын дәйекті түрде жүргізіп келеміз. Соңғы 5 жылда тартылған шетелдік жұмысшылар саны 25 мыңнан 17 мыңға дейін төмендеді. Әлеуметтік әділеттілік қағидатын белгілеу, оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан барлық жұмыс мемлекет пен қолдауға мұқтаж азаматтар мүддесі теңгерімін қамтамасыз етуге және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға бағытталған, — дейді ведомство басшысы.