Қазақстан Қырғызстандағы шипажайларға 26 млрд теңге инвестиция салады
Қазақстан Ыстықкөл жағалауындағы демалыс орындарын дамытуға 26 млрд теңге инвестиция салмақшы. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді.
Қазақстан Ыстықкөл жағалауындағы демалыс орындарын дамытуға 26 млрд теңге инвестиция салмақшы. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Үкіметі мен Қырғызстан Үкіметі арасындағы Ыстықкөл облысында орналасқан курорттық-рекреациялық нысандарға қатысты халықаралық келісімдерге енгізілген өзгерістер ратификацияланды.
Қазақстан Ыстықкөл аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектiлерiне меншiк құқықтарын ұзартады. Тиісті заң жобасын бүгін Мәжіліс қорытынды әзірлеуге қабылдады.