Екіншісі – «Самал» демалыс үйі. Ол Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық университетіне тиесілі. Инвестор 10 млрд теңге салуға дайын, бірақ аты аталмады.
Үшіншісі – «Университет» спорттық-сауықтыру лагері. Оның инвесторы әлі анықталмады. Қаржы министрлігінің есебінше, бұл лагерьге 13 млрд теңге қаражат кетеді.
Дәурен Темірбеков жобалар 2029 жылы пайдалануға берілетінін айтты.
Жалпы Қазақстан инвестиция салу керек төрт шипажай болған. Олардың барлығы 1992 жылы Қазақстанға пайдалануға берілген, бірақ бүгінге дейін тиісті назар салынбай келген.
Инвестиция салуға дайын тағы бір тұлғаның бірі – кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп. Ол 9,1 млрд теңгеге жаңа шипажай салуға дайын.





