
Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті. Ұлттық банктің мәліметінше, 10 айда атқарылған жұмыстың нәтижесі төмендегідей:
— 60 мыңнан астам алаяқтық оқиға тіркелді
— 2,5 млрд теңгеден астам шығынның алдын алды
— Банктер, ұялы байланыс операторлары, микроқаржы ұйымдары мен құқық қорғау органдарының дерек алмасуына арналған платформа құрылды. Оған 200 қатысушы қосылған.
Алдағы жоспар
— схемаларды алдын ала болжау үшін ЖИ-ді енгізу
— деректерді Бас прокуратура мен байланыс операторларының деректер базасымен біріктіру
— зардап шеккен азаматтарға қаражатын қайтару рәсімін жеңілдету
— жаңа реттеу нормаларын енгізу және киберсауатты көтеру.
Еске сала кетейік, бұған дейін алаяқтық транзакцияларды анықтайтын Антифрод-орталығы іске қосылатынын жазған едік. Онда заңды іске асыру мақсатында Ұлттық банк қаржы ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасында жедел ақпарат алмасу, сондай-ақ алаяқтық операцияларға ден қою үшін Антифрод-орталық инфрақұрылымын іске асыратыны айтылған еді.