
Қорғас бұл көрсеткіш бойынша Шыңжаңдағы барлық бақылау-өткізу бекеті арасында бірінші орында тұр.
Импортталатын тауарларға негізінен электромеханикалық бұйымдар, өңделмеген мыс мен мыс материалдары, ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік, металл кені, түпшайма және т.б. жатады, олардың ішінде импорттық азық-түлік тауарлары сауда көлемінің айтарлықтай өсуі байқалды. Ал экспорттық тауарлардың тізбектемесін негізінен жаңа энергия көздерін пайдаланатын автомобильдер, электромеханикалық бұйымдар, жаңа және жоғары технология өнімдері, киім, тоқыма және т.б. құрады.
Қорғас бақылау-өткізу бекеті — Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан және бірінші дәрежелі құрлық порты. Қорғас автомобиль-теміржол өткізу бекетінде бірқатар реформалық шараларды жүзеге асырудың арқасында кедендік ресімдеу тиімділігін арттыру жалғасып отыр.
Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Қорғас теміржол бекеті арқылы импорт пен экспорт көлемі 6 млн 923 мың тоннаға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға артқан.