Бізге жазылыңыз:

Қазақстаннан әлемнің 31 еліне тікелей ұшуға болады — Көлік министрлігі

Қазақстаннан әлемнің 31 еліне тікелей ұшуға болады — Көлік министрлігі
Теміржол көлігі

Бүгінгі таңда елімізде жолаушылар тасымалы саласында 154 теміржол маршруты орындалады.

Олардың ішінде:

• 112 маршрутты «Жолаушылар тасымалы» АҚ орындаса;

• 30 маршрут жекеменшік тасымалдаушыларға тиесілі;

• Ал қалған 12 маршрут халықаралық маршрутқа жатады.

2025 жылдың алғашқы 6 айында теміржол көлігімен 9,5 миллион жолаушы тасымалданды. Жолаушылар вагондарын жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері шамамен 60 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды.

Әуе қатынасы

Азаматтық авиация саласында ішкі және халықаралық бағыттардың саны артып келеді:

• Ішкі бағыттарда 61 маршрут бойынша апта сайын 849 рейс орындалады;

• Халықаралық бағыттарда 144 маршрут бойынша аптасына 842 рейс жүзеге асырылады. Қазақстаннан әлемнің 31 еліне тікелей ұшуға болады.

Халықаралық әуе рейстер географиясы әлемнің келесі елдерін қамтиды:

Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Беларусь, Әзірбайжан, Туркия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Черногория, БАӘ, Катар, Иран, Мысыр, Кувейт, Бахрейн, Оман, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Тайланд, Моңғолия, Малайзия, Мальдиваралдары.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында әуе көлігі қызметін 7,2 миллион жолаушы пайдаланған.

Ұқсас материалдар