Бізге жазылыңыз:

Қазақстандық фармацевтикалық өнімнің көлемі 22%-ға артты

Қазақстандық фармацевтикалық өнімнің көлемі 22%-ға артты
— 2024 жылы қазақстандық фармацевтикалық өнімнің көлемі 22%-ға артып, 171,6 млрд теңгеге жетті. Тартылған инвестицияның көлемі екі есеге артып, 91,3 млн АҚШ доллар болды. Экспорт 32,9%-ға өсіп, 52,1 миллион АҚШ долларына жетті. Фармацевтикалық өнімнің 2 466 атауына 34 қазақстандық өндірушімен 10 жылға дейінгі мерзімге 90 ұзақ мерзімді шарт жасалды, — делінген ДСМ хабарламасында.
Әлеуметтік мәні бар дәрі-дәрмектерге нақты қажеттілікті есепке алу үшін ұзақ мерзімді шарт жасасу тәртібі қайта қаралып жатыр.

Pfizer, Hoffmann-La Roche және AstraZeneca сияқты әлемдік компаниялармен келісімшарттық өндіріс туралы келісімшарт жасалды.

Локализациялауға қойылатын талаптар күшейтілді, бірегей препараттар өндірісі ынталандырылды, бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, нормативтік базаны қайта қарау бойынша белсенді жұмыс істеліп жатыр.

Индустриялық және арнайы экономикалық аймақтарда орналасқан өндірушілер үшін салықтық және инфрақұрылымдық преференцияларды қоса алғанда, жеңілдікті шарттар қолданылады.

Бүгінгі таңда елімізде 207 қазақстандық тауар өндіруші жұмыс істейді, 2023 жылы олардың 193-і болды, олардың 43-і дәрілік заттарды өндіруге, 164-і медициналық бұйымдарды өндіруге мамандандырылған.

Ұқсас материалдар