Бізге жазылыңыз:

Қазақстандағы ең төменгі зейнетақы мөлшері аталды – Еңбек министрлігі

Қазақстандағы ең төменгі зейнетақы мөлшері аталды – Еңбек министрлігі
Елімізде зейнатақы жинағы 1998 жылдан басталады. Сол жылдан бері еңбек өтілі бар және кемі 25 жыл өтілі бар ер адамдарға, сондай-ақ кемі 20 жыл еңбек өтілі бар әйел адамдарға ең төменгі зейнетақы мөлшері 62,7 мың теңгені құрайды. Ал егер біз ең төменгі базалық зейнетақы туралы айтсақ – ол барлық азаматтарға, соның ішінде еңбек өтілі жоқ адамдарға да бірдей. Оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына тең немесе 32,3 мың теңге», – деді вице-министр. 
Ол Қазақстанда көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасқанын, ал республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдері жиынтық зейнетақының бір ғана бөлігі екенін атап өтті.
Сондықтан зейнетақының мөлшеріне келсек, ол әрқашан адамның зейнетке шыққанға дейінгі еңбек табысына байланысты болады, – деді Виктория Шегай.Айта кетейік, бұған дейін кейбір қазақстандықтар үшін зейнетақы төлемінің жаңа тәртібі енгізілетіні жайлы жазған едік.

Ұқсас материалдар