Бізге жазылыңыз:

Қазақстан банкі арқылы 7 трлн теңгеден астам қаржы шетелге транзитпен өткен

Қазақстан банкі арқылы 7 трлн теңгеден астам қаржы шетелге транзитпен өткен
Қазақстандық банктер арқылы 7 трлн теңге бір елден екінші елге жіберілген. Бұл заңға да, саясатқа да қайшы жағдай. Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізген Қасым-Жомарт Тоқаев осындай дерек айтты

– Жақында төраға Элиманов қазақстандық банктердің бірі арқылы былтыр көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 триллион теңгеден астам қаржы «жөнелтілгені» туралы баяндады. Менің ойымша, бұл заңға, экономикаға, тіпті саясатқа қайшы келетін ерсі жағдай. Өкінішке қарай, мұндай алаяқтық қаржы схемаларына қатысты фактілер азаймай тұр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Яғни отандық банк арқылы көршілес елден шыққан ірі көлемдегі қаржы үшінші елге аударылған, ал Қазақстанды «аралық пункт» деп пайдаланған. Бұл дегеніміз 7 трлн теңге Қазақстанда қалмай, тек банктік жүйе арқылы «өткізілген. Мұндай операциялар түрлі көлеңкелі әрекеттермен байланысты болуы мүмкін деген күмән бар.

Ұқсас материалдар