Бізге жазылыңыз:

Енді қант пен тұзы көп өнімдерге түрлі-түсті таңба қойылады

Енді қант пен тұзы көп өнімдерге түрлі-түсті таңба қойылады
Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариндепутаттарға берген жауабындажазылған. Оны іске асыру үшін Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізілуі қажет.

«Пандемияға дейін ЕАЭО деңгейінде азық-түлік өнімдерін таңбалау нормаларын жаңарту ұсынылған еді, алайда ол кезде мүше елдер өзгерістерді қолдамаған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылы «Азық-түлік өнімдерін таңбалаудағы түсті индикация» атты әдістемелік нұсқаулық әзірледі. Құжаттың мақсаты – тұтынушыларды өнім құрамындағы зиянды компоненттердің деңгейі туралы ашық және түсінікті ақпаратпен қамтамасыз ету», –  дейді Жұманғарин.

Алдағы уақытта қант, тұз және май мөлшеріне қарай азық-түлік пен сусындарды санаттайтын ұлттық қоректік профиль бекітіледі. «Бұл жүйе халықтың дұрыс тамақтануын қолдауға және өндірушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталып отыр» деген Жұманғарин.

Ұқсас материалдар