
Бүгінгі таңда химия саласы әртүрлі бағыттағы химиялық өнімдердің 240-тан астам аталымын шығарады, олардың арасында агрохимия маңызды орын алады. — Агрохимия секторы шығарылатын өнімнің жалпы көлемінің 22,5%-ын қамтамасыз етеді әрі бүкіл саланың өсуінің негізгі қошғаушы күші ретінде қызмет етеді. Бұл халық санының өсуіне және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, аграрлық өнімге әлемдік сұраныстың артуына, сондай-ақ ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту қажеттілігіне байланысты, — деп жазды Үкіметтен.
2024 жылы Қазақстан химиялық тауарлардың 205 түрін экспорттады. Қазақстандық химия өнімдерін негізгі импорттаушы елдер — Қытай, Ресей және Вьетнам. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында ірі өндірістерді: полиэтилен, карбамид өндіру зауыты — «ҚазАзот Prime» ЖШС, бутадиен және оның өнімдерін өндіру бойынша — «Бутадиен» ЖШС, сондай-ақ тазартылған терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат өндірісі жүзеге асыру басталды.