ЖАҢАЛЫҚТАР
Ауыл шаруашылығын жеңілдетілген несиелеу көлемі алғаш рет триллион теңгеден асты
Мемлекет басшысы төрт жыл бұрын ауыл шаруашылығы техникаларының 90 пайызы тозып тұрғанын айтты.
— Бұл көрсеткіш биыл 70 пайызға дейін төмендеді. Осы бағыттағы жұмысты бизнес өкілдерімен бірлесіп, әрі қарай жалғастыру қажет. Қазір шаруалар алып жатқан техниканың 90 пайызы Қазақстанда шығарылған. Еліміздегі 10 зауытта осындай 19 түрлі техника құрастырылады. Олардың қатарында әлемге танымал брендтер бар. Жақында Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарым кезінде John Deere компаниясымен бірге құны 2,5 миллиард доллар болатын стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Соған сәйкес алдағы бес жылда елімізде 3 мыңға жуық заманауи техника шығарылады, — деді ол.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан мен Корея Alatau Smart City жобасын бірлесе дамытуға келісті
- 11 желтоқсан, 2025





