
Сауда нысандардың нақты құны 39,7 млрд теңгені құрады. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы ұсынды.
Сауда үйлерінің ең көп саны Шымкент қаласында (15 нысан) және Қызылорда облысында (14 нысан) тіркелген. Бұдан бөлек, бірінші жартыжылдықта жалпы аумағы 39 мың шаршы метр болатын 60 супермаркет іске қосылған. Олардың жалпы құны – 19,5 млрд теңге.
Супермаркеттердің басым бөлігі Шымкент қаласында (21 нысан), сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстарында – әрқайсысында 12 нысаннан ашылды. Сондай-ақ, аталған кезеңде жалпы аумағы 30,3 мың шаршы метрді құрайтын 176 минимаркет пайдалануға берілді. Бұл нысандардың жалпы құны 11,2 млрд теңге болды.