— Күнделікті қатынас пойыз қозғалысының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, сапарларды жоспарлауды ыңғайлы етеді. Күн сайынғы қатынастың енгізілуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік байланысын нығайтуға, туристік ағынды арттыруға, сондай-ақ, екі ел арасындағы мәдени және іскерлік байланыстарды дамытуға ықпал етеді, — делінген хабарламада.
Алдағы қысқы маусымға орай бірқатар бағыттарда пойыз қозғалысы кестесіне қосымша өзгерістер енгізілуі жоспарланып отыр.
Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы білуге болады. Пойыздардың нақты келу және жөнелту уақыты туралы ақпарат https://tablo-railways.kz/ru/ онлайн-таблосында қолжетімді.





