ЖАҢАЛЫҚТАР
Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы саласында іске қосылатын ірі жобаларды атады
Министрдің дерегінше, Қостанай облысында «Баян Сұлу» кондитерлік өнімдер өндірісін 13 мың тоннаға арттырады. Абай облысында «Евразия Агро Семей» 7,2 мың тонна шұжық өнімдерінің өндірісін іске қосады.
— 2027 жылы жалпы сомасы 874,3 млрд теңге болатын 26 жобаны іске асыру және 3,5 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Оның ішінде Астана қаласында 250 мың тонна бидай және 80 мың тонна бұршақ өңдейтін «Tiryaki Holding» жобасы, Ақмола облысында жылына 1,0 млн тонна бидай өңдейтін «Dalian Hesheng Holding Group» жобасы және 1,0 млн дана жұмыртқаны терең өңдеу бойынша «KazEggs» компаниясы, Алматы облысында 210 мың тонна картоп өңдейтін «PepsiCo» жобасы және 150 мың тонна мал мен өсімдік өнімдерін өңдеу бойынша «Mars» жобасы бар, — деді Айдарбек Сапаров.
Сонымен қатар ол «UBM групп» компаниясының Қостанай облысында 100 мың тонна құрама жем өндірісі және Алматы облысында 48 мың тонна қоспа өндірісі іске асырылып жатқанын атап өтті.
— 2027 жылғы ірі жобаларды іске асыру — қосылған құны жоғары өнімдер өндірісін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, — деді министр.





