ЖАҢАЛЫҚТАР
4,2 млрд доллар 300 локомотивтің құны ғана емес – ҚТЖ түсініктеме берді
- Айта кету керек, әлеуметтік желілерде 4 млрд АҚШ долларына 300 бірлік жаңа локомотив сатып алынатыны туралы ақпарат берілген. 4 млрд АҚШ доллары 300 бірлік локомотив сатып алуды ғана емес, сонымен қатар қолданыстағы сервистік шартты 2058 жылға дейінгі 15 жыл мерзімге 405 бірлік локомотивке ұзартуды, сондай-ақ сатып алынатын 300 бірлік локомотивке 2054 жылға дейінгі 18 жыл мерзімге толық сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қамтиды, - деп жазылған ресми жауапта.
Аталған келісім аясында Wabtec есебінен KinetiX жүйесінің 5 жиынтығын жөндеу көзделген. Нақты айтсақ, жылжымалы құрамды есепке алу, бақылау және диагностикалаудың цифрлық жүйесін жеткізу, үш жыл ішінде 505 бірлік локомотивтің тежегіш цилиндрлері мен компрессорларын күрделі жөндеу жоспарланып отыр.
- Сондай-ақ, коммерциялық және әлеуметтік тұрғыда ҚТЖ үшін үлкен артықшылықтарға қол жеткізілді. Сервистік орталықтары бар шалғай өңірлерде орналасқан қызметкерлер үшін әлеуметтік нысандар салу көзделген, - деп жазады ҚТЖ баспасөз қызметі.





