Бізге жазылыңыз:

Жетісу облысында кен-металлургиялық комбинат салынады

Жетісу облысында кен-металлургиялық комбинат салынады

Жетісу облысында құны 1,3 трлн теңге болатын ірі кен-металлургиялық комбинаттың құрылысы жүзеге асырылуда. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасап LS хабарлады.

Мәліметке сәйкес, отандық инвестор қажетті рұқсат құжаттарын алу кезінде әкімшілік кедергілерге тап болған. Тек қадағалаушы органның араласуынан кейін ғана келісім беріліп, жергілікті атқарушы орган тарапынан су қорғау аймақтары белгіленген.

Салдарынан жобаның іске асу мерзімі кешеуілдеді. Соған қарамастан, құрылыс жұмыстары жалғасуда. Кәсіпорынды 2027 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Кәсіпорынның жобалық қуаты:

  • жылына 860 мың тонна мыс концентраты,

  • оның ішінде 156 мың тонна таза мыс,

  • және 5 мың тонна катодты мыс өндіріледі.

Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 2 200 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Жоба 2020 жылы басталған және өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Ұқсас материалдар