
Көмірді жеткізуге кететін шығын 700-100 теңге аралығында. Осылайша, 1 тонна көмірдің килограмы бүкіл шығындарымен есептегенде 42-50 мың теңгеге шығады.
Мамандардың бағалауынша, Жамбыл облысына алдағы жылыту маусымына шамамен 135 мың тонна көмір керек. Тараз қаласында бүгінде 2006 жер үй әлі газға қосылмаған, оларды жылытуға 10 мың тоннадан астам қатты отын қажет. Қазіргі таңда қалада көмірді сатумен жеті кәсіпкер айналысып отыр.
Көмірдің айтарлықтай бөлігі бюджеттік ұйымдардың автономды қазандықтарын қамтамасыз етуге жұмсалады. Олардың үлесі өңірдің жалпы қажеттілігінің жартысына жуықтайды. Маусым бойы қазандықтарға 56,2 мың тонна көмір жеткізу жоспарланған, оның 48,9 мың тоннасы білім беру мекемелерін жылытуға бағытталады.
Әкімдік мәліметінше, бүгінгі күні қажетті көлемнің үштен екісі, яғни, 33,1 мың тонна көмір жеткізілген.