Бізге жазылыңыз:

Wi-Fi арқылы қоңырау шалуға мүмкіндік беретін технология іске қосылуы мүмкін

Wi-Fi арқылы қоңырау шалуға мүмкіндік беретін технология іске қосылуы мүмкін

Қазақстанда VoWiFi (Voice over Wi-Fi) технологиясын енгізу қарастырылуда. Бұл – ұялы байланыссыз, Wi-Fi желісі арқылы қоңырау шалуға мүмкіндік беретін шешім.

Цифрлық даму министрлігінің хабарлауынша, бұл технология операторларға байланыс сапасын жақсарту үшін ұсынылды. Әрбір байланыс операторы өз техникалық мүмкіндігіне және даму жоспарына сәйкес шешім қабылдайды.

Қазіргі уақытта «Кар-Тел» (Beeline) бұл қызметті сынақтан өткізуде. Коммерциялық түрде іске қосу осы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр. Ал Kcell және «Мобайл Телеком-Сервис» (Tele2 және Altel) VoWiFi енгізу мәселесін бастапқы кезеңде қарастыруда.

Ұқсас материалдар