
Қазіргі уақытта Түркістан облысының әкімдігі мен Вьетнамның Sovico Group компаниясы Түркістан халықаралық әуежайын сенімгерлік басқаруға беру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.
Келісім жасалған жағдайда, компания әуежайды тиімді басқаруға, рейстер санын арттыруға және туристік ағынды көбейтуге жауапты болады. Облыс әкімдігінің мәліметінше, әуежай үш жыл ішінде өзін-өзі ақтайды деп күтілуде.
2024 жылдың 9 қыркүйегінде Астанада екі тарап арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.