Бізге жазылыңыз:

Өткен жылы 600 млрд теңгенің темір жол өнімдері шығарылды

Өткен жылы 600 млрд теңгенің темір жол өнімдері шығарылды
Темір жол өнімдерін шығару машина жасау саласындағы маңызды бағыттардың бірі. Қазір бұл бағыт машина жасау жалпы көлемінің 13 пайызын құрап отыр. Осы сала бойынша 60-тан астам кәсіпорында, 8 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Өткен жылы теміржол өнімдерін шығару 25 пайызға өсіп, 600 миллиард теңгеге жеткен. Биылғы 7 айда жүк вагондары бес есе, ал, платформалар — 2,2 есеге артқан, — деді министр.
Жалпы, оның дерегінше, соңғы 5 жылда ұлттық оператордың вагон паркін жаңартуы осы салада инвестициялық белсенділікті арттырды.

— Нәтижесінде Wabtec, Alstom, Stadler сияқты әлемнің жетекші брендтері отандық нарыққа келді. Қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау және теміржол саласында ішкі нарықты дамыту аясында локализация деңгейі 40 пайызға дейін қамтамасыз етілді. Отандық өндірушілердің қатысуымен локализацияны арттыру, двигатель өндіру, бірлескен кәсіпорындар ашу жұмысы жалғасатын болады, — деді Ерсайын Нағаспаев.

Ұқсас материалдар