Бізге жазылыңыз:

Тамыздың алғашқы онкүндігінде елімізде 1,2 млн тонна астық жиналды

Тамыздың алғашқы онкүндігінде елімізде 1,2 млн тонна астық жиналды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударуда: қолайлы жағдайлар жасау тәуекелдерді азайтуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 
Бүгінгі таңда еліміз бойынша 903,9 мың га дәнді дақылдар, 1,2 млн тонна астық, 5,7 мың тонна майлы дақылдар, 343,6 мың тонна картоп, 1,1 млн тонна көкөніс және 1,4 млн тонна бақша дақылдары жиналды. 

Ел бойынша жаппай егін жинау науқаны тамыздың үшінші онкүндігінде басталады. Егін жинау жұмыстарына барлығы 139 мың трактор, 31 мың астық жинайтын комбайн, 17 мың орақ және 130 мың басқа техника жұмылдырылады. Бүгінгі таңда жалпы дайындық 93%-ды құрайды.  

Өңірлерге егін жинау жұмыстарын жүргізуге 254 теңге/литрге жеңілдікті бағамен 402 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл нарықтық құннан 18-20%-ға арзан.

Ұқсас материалдар