ЖАҢАЛЫҚТАР
Шымкентте мемлекет меншігіне өткен 321 жер учаскесі үшін 7,5 млрд теңге төленді
Оның ішінде аумағы 137,4 гектар 321 жер учаскесіне бюджеттен 7,5 млрд теңге көлемінде өтемақы төленді. Сонымен қатар жалпы алаңы 9,71 гектар 51 жер учаскесінің иелеріне тең бағалы жер учаскелері берілді.
— Уақытша пайдалану құқығындағы жалпы алаңы 46 гектар болатын 11 жер учаскесі сот шешімі негізінде өтемақысыз мемлекет меншігіне өткізілді. Жалпы алаңы 247 гектар 8 жер учаскесі жер пайдаланушылардың өз еркімен бас тартуына байланысты өтемақысыз мемлекетке алынды. Сондай-ақ заңсыз табысталған 150 гектар 7 жер учаскесі тегін қайтарылды, — деді ол.
Ведомствоның мәліметінше, биыл қала аумағында заңсыз салынған және нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған жерлерге қатысты тиісті шаралар қолданылды.





