Бізге жазылыңыз:

ШОБ-ты несиелендіру көлемі 8,6 трлн теңгеге жетті

ШОБ-ты несиелендіру көлемі 8,6 трлн теңгеге жетті

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шағын және орта бизнеске берілген несиелердің жалпы көлемі 8,6 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға немесе 900 млрд теңгеге көп.

Мұндағы 6,3 трлн теңге шағын бизнеске тиесілі (+6,8%), ал орта бизнес 2,4 трлн теңге несие алған (+33,3%).

Салалар бойынша ең көп несие өнеркәсіпке – 2,4 трлн теңге (+9,1%) және сауда саласына – 2,2 трлн теңге (+6,8%) берілген.

Ең белсенді өңірлер қатарында Алматы (3,9 трлн теңге), Астана (1,5 трлн), Шымкент (457,3 млрд), Қарағанды облысы (301,4 млрд) және Ақтөбе облысы (256,5 млрд теңге) бар.

Кредит алуы ең төмен өңір – Ұлытау облысы (39,3 млрд) және Түркістан облысы (81 млрд теңге).

Ұқсас материалдар