Ресейден келетін ақша аударымдары әжептәуір азайған. Егер 2022 жылы Ресейден Қазақстанға 357,1 млрд теңге аударылса, 2025 жылы бұл сома 54,1 млрд теңгеге дейін кеміді.
Яғни көрсеткіш 6,6 есе қысқарды. Соған қарамастан Ресей Қазақстанға ақша жіберетін елдер арасында әлі де бірінші орында тұр.
Екінші орында – АҚШ. Бұл елден 2025 жылы 31,23 млрд теңге аударылған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 29,8%-ға аз.
Үшінші орында Өзбекстан тұр: бұл елден Қазақстанға 25,6 млрд теңге жіберілген, ал төмендеу көлемі 2,1 есені құрады.
Сонымен қатар алғашқы бестікке Түркия мен Германия кірді. Түркиядан Қазақстанға келетін ақша аударымдары, керісінше, өсім көрсетіп, 23,3 млрд теңгеге жетті.
Қазақстаннан қай елдерге ақша көп аударылады?Ал Қазақстаннан шетелге жіберілетін ақша аударымдары салыстырмалы түрде тұрақты болған. 2025 жылы республикадан басқа елдерге 718,7 млрд теңге аударылған.
Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының елдер бойынша құрылымына тоқталсақ, соңғы үш жылда өсім тек Ресей бағытында байқалған. 2025 жылы Қазақстаннан Ресейге 224,5 млрд теңге аударылып, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 14,5%-ға артық.
Ал басқа бағыттарға аударылған ақша азайған. Мәселен, Өзбекстанға 222,8 млрд теңге жіберіліп, бұл көрсеткіш 23,1%-ға азайған. Түркияға аударымдар 112,9 млрд теңгені құрап, 2,4 есеге қысқарды.
Грузияға жіберілген қаражат көлемі 43,3 млрд теңге болып, 1,6 есеге азайған. Қырғызстан бағыты бойынша аударымдар 24 млрд теңгеге дейін төмендеп, 3,1 еселік қысқару тіркелді.





