— Қолданыстағы еркін сауда келісімі екі ел арасындағы экономикалық байланысқа тұрақты негіз береді. Енді осы негізді нақты жобалар мен кәсіпкерлерді қолдау шаралары арқылы нығайту маңызды, — деді Попович.
Министр Қазақстанның Сербиядағы кәсіпкерлік белсенділігі туралы мәлімет берді.
— Қазіргі таңда Сербияда қазақстандық капитал қатысқан 44 компания мен 73 жеке кәсіпкер тіркелген. Бұл аз көрсеткіш, сондықтан біздің міндетіміз — бұл санды арттыру және сербиялық кәсіпкерлерді Қазақстанға тарту, — деді ол.
Поповичтің айтуынша, Сербия Президентінің Астанаға сапары кезінде 8–10 жаңа келісімге қол қойылуы жоспарланып отыр. Бұл екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.





