
Қазақстан Республикасы Сенаты «Тауарлардың шығу тегін анықтау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда қарап, қабылдады. Бұл заң жобасы «СТ-KZ» және индустриалды сертификаттарды алмастыратын бірыңғай реестрді енгізуді көздейді. Жаңа реестр Қазақстанның барлық тауар өндірушілерін біріктіріп, мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуді жеңілдетеді. Министрлік пен бизнес өкілдері бірлесіп, реестрдің талаптарын әзірлейді.