
— Ұлттық банк мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуді, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды, статистикалық қызметті, сондай-ақ құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында қаржы нарығына, қаржы ұйымдарына және өзге де тұлғаларға мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, — делінген құжатта.
Ұлттық банк — Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейі.
Құжатпен Ұлттық банктің функциялары кеңейтілді, төрағаның, басқарманың, директорлар кеңесінің, ақша-несие саясаты комитетінің өкілеттігі айқындалды.
Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Парламент Сенатының келісімімен 6 жыл мерзімге тағайындалады және Қазақстан Республикасының Президенті тарапынан қызметінен босатылады.
Президент Жарлығы 2025 жылғы 1 қыркүйектен күшіне енгізілді.