Бізге жазылыңыз:

POS-терминалдар мен QR-төлемдердің жаңа рекордтары

POS-терминалдар мен QR-төлемдердің жаңа рекордтары

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдер қабылдау инфрақұрылымы айтарлықтай кеңейді. POS-терминалдардың саны 31%-ға өсті, ал кәсіпкерлер мен сауда нүктелерінің саны тиісінше 12% және 21%-ға артты. 2025 жылғы 1 қаңтарда елде 1,4 миллион POS-терминал жұмыс істейді, олар 1,1 миллион сауда нүктесінде орналасқан.

Сонымен қатар, қазақстандықтар мобильді қосымшаларды пайдалану арқылы төлемдер жасауда белсенділік танытуда. QR-код арқылы жасалған операциялар POS-терминалдар арқылы төлем карталарымен жасалған операциялардан 26%-ға артық, бұл қаржы қызметтерінің цифрландыру үрдісін көрсетеді.

2024 жылы әрбір екінші безналды транзакция QR-код арқылы жүзеге асырылды, ал орташа транзакция сомасы 14 мың теңгені құрады.

Ұқсас материалдар