Бізге жазылыңыз:

«Нурбанк» төрт елге ақша аударуды іске қосты

«Нурбанк» төрт елге ақша аударуды іске қосты

Жаңа функция Nur24 қосымшасында ресейлік MultiTransfer төлем жүйесі арқылы қолжетімді.

Негізгі шарттар:
— аударымды телефон нөмірі немесе алушының картасы бойынша жасауға болады;
— банк мәліметінше, операция үшін комиссия алынбайды;
— кіріс аударымдар «Нурбанктегі» теңгелік шотқа түседі.

Осылайша, банк клиенттері мобильді қосымша арқылы бірден төрт елге трансшекаралық аударым жасай алады.

Еске салайық, шілде айының соңында бірқатар қазақстандық банк Ресейге ақша аударымдарын уақытша тоқтатқан еді. Бұған ресейлік ең ірі төлем жүйелерінің бірі «Золотая Корона» мен бірқатар ресейлік банктердің санкцияларға ілігуі себеп болды.

Осыдан кейін банктер трансшекаралық операцияларды жүзеге асырудың балама арналарын қарастыра бастады.

Ұқсас материалдар