Бізге жазылыңыз:

Несие ресімдегенде қоса қарыз алушы қандай жауапкершілік арқалайды

Несие ресімдегенде қоса қарыз алушы қандай жауапкершілік арқалайды
Бұл қарыз алушы қарызды өтемеген жағдайда банк қоса қарыз алушыдан міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауды талап етуге құқылы екенін білдіреді
Әдетте, қоса қарыз алушыны ипотека ресімдеу кезінде қарыз алушының банктен мақұлдау алуы үшін кірісі жеткіліксіз болған кезде тартады.
Нәтижесінде қарыз алушы мен қоса қарыз алушының кірістері қосылады, бұл кредитті мақұлдау мүмкіндігін арттырады. Алайда, қоса қарыз алушының жауапкершілігі қарыз алушының жауапкершілігіне тең болады: төлем мерзімін өткізген жағдайда банк қаражатты оның кез-келген шоттарынан есептен шығара алады, мүлкін өндіріп алады немесе сотқа жүгіне алады.
Кепілгерден (кепілдік берушіден) айырмашылығы, қоса қарыз алушының табысы кредит сомасын есептеу кезінде ескеріледі. Бұл ретте қоса қарыз алушының тәуекелдері жоғары болады: ол қарызды белгіленген кепілдік шегінде ғана емес, толық көлемде өтеуге міндеттенеді.
Қоса қарыз алушы нелерді білуге тиіс?
Кредиттік мәмілеге қатысуға келісім бермес бұрын мыналарды:
шарт талаптарын мұқият зерделеу;
қарыз алушының төлем қабілетсіздігі жағдайында қарызды өтеу үшін қаржылық мүмкіндігін бағауы;
бірнеше қоса қарыз алушылар болса да шарт толығымен орындалғанға дейін міндеттемелердің сақталатынын ескеру маңызды.
Қоса қарыз алушы болуға келіспес бұрын, барлық тәуекелдерді мұқият бағалау қажет.
Тәуекелдерге тиісінше баға бермей басқа адамға кредит ресімдеуге қатысу күрделі қаржылық салдарға әкелуі мүмкін.

Ұқсас материалдар