
2025 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,6%-ға артып, 18,9 трлн теңгеге жетті. Елде 2 558 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді.
📉 Автокөлік өндірісінде төмендеу байқалды:
– жеңіл көліктер — 43,1 мың дана (–1,1%)
– жүк көліктері — 1,8 мың дана (–13,1%)
– автобус пен троллейбус — 734 дана (–0,8%)
– жолаушы вагондары — 12 дана (–4,1 есе)
📈 Сонымен қатар, оң динамика тіркелді:
– тракторлар — 2,6 мың дана (1,5 есе көбейген)
– телевизорлар — 21,8 мың дана (6,6 есе өскен)
– компьютерлер — 7 мың дана (+45%)
Азық-түлік өндірісінде:
– қант — 106,4 мың тонна (4 есе артқан)
– өсімдік майы — 315,5 мың тонна (+19,6%)
– балмұздақ — 16,5 мың тонна (+25%)
– айран және басқа сүт өнімдері — 83,8 мың тонна (+3%)