Депутат Нұржан Әшімбетов халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, саланың мәртебесін нығайтатын жаңа институт туралы айтты.
– Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ұсынымдарын ескере отырып, ветеринария саласындағы мемлекеттік орган ретінде Ветеринариялық палата нысанында статуарлық орган құру көзделеді, - деді ол.
Әлеуметтік жеңілдікке келер болсақ, ветеринарларға жыл сайынғы демалыс кезінде екі айлықақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы беріледі.
– Республикалық бюджеттік комиссия мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетуге – 22 млрд теңге, арнайы киіммен қамтамасыз етуге – 1,8 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр, - деп түйіндеді депутат.





